ЖАСТАР ҮШІН МЕНТОР РӨЛІНЕ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРУ
Егер Сіздің әлеуметтік салада тәжірибеңіз болса және онымен жастармен бөліскіңіз келсе, Сіз ментор ретінде біздің Жобамыздың бөлігі бола аласыз.
Жобалық кеңсе менторлардың конкурстық іріктеуін ұйымдастырады және өткізеді. Бұл үшін конкурсқа қатысуға шақыру қағаздары таратылады (1-қосымша).
Менторлар ретінде Жетісу және ШҚО облыстарында тұратын белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, бизнес-кеңесшілер, кәсіпкерлер бола алады.
Негізгі шарттар: жұмыс тәжірибесі (кемінде 3 жыл әлеуметтік салада немесе жастармен, әсіресе жастардың осал топтарымен жұмыс істеу[1]), жобаларды/іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру тәжірибесі, білімнің болуы (орта арнаулы, жоғары) және жинақтылық (аймақ шегінде жолға шығу мүмкіндігі). Жастар корпусын дамыту жобасына қатысу тәжірибесі қосымша басымдық береді (растайтын құжаттар болған кезде).