Zhasproject жобасы Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында басталды
Талдықоған қаласы
9 қазан күні Жетісу облысы Талдықорған қаласы Журналистер үйінің ғимаратында ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Zhasproject жобасы туралы айтылды. Жоба жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған өз жобасын іске асыру мүмкіндігіне бағытталған.
Жоба аясында ү.ж. 9-22 қазан аралығында жастар гранттық конкурсқа қатысуға өтінім бере алады, гранттың ең жоғары сомасы 1 000 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, жобаның барлық қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытудан өтіп, менторлардың қолдауына ие болады.
Қатысуға өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі 18 жастан 35 жасқа дейінгі (өтініш беру кезінде) жастар шақырылады. Жобада осал санаттағы жастарға: тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар, аз қамтылған отбасыларда тұратын, жетім және мүгедек адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа"алқаларымен наградталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі.
Брифингке «Jetіsý jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Ақболатов Еркебұлан Ешмұханбетұлы, Жанат Ерханқызы Төлемісова – «Тамшыбулак» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі қатысты.
Кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі аспектілері, гранттық конкурсқа және оқыту бағдарламасына қатысу шарттары талқыланады, бұдан басқа, спикерлер туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.
Жоба бойынша қосымша ақпаратты телефон
Call-Center 8-701-181-11-79