Zhas Рroject 2024

Талдықоған қаласы

4 наурыз күні Жетісу облысы Талдықорған қаласы «Ten qogam» ғимаратында ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Zhas Рroject жобасы туралы ақпарат берілді. Жоба жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған өз жобасын іске асыру мүмкіндігіне бағытталған.
Жоба аясында қазақстандық жастар гранттық конкурсқа қатысуға өтінім бере алады, гранттың ең жоғары сомасы 1 000 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, жобаның барлық қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытудан өтіп, менторлардың қолдауына ие болады.
Қатысуға өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі 18 жастан 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастар шақырылады. Жобада осал санаттағы жастарға ерекше басымдық беріледі.
Ақпараттық кездесуге Ілияс Жазира Маратқызы - «Ten Qogam» қолдау орталығының менеджері және Курмангалиева Алия Кудайбергеновна - Жетісу облысы бойынша «Zhas Project» жобасының координаторы қатысып, кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі аспектілері, гранттық конкурсқа және оқыту бағдарламасына қатысу шарттары туралы, бұдан басқа, туындаған барлық сұрақтарға жауап берілді.