НАЗАР АУДАРЫНЫЗ, КАЗІР ӨТІНІМДЕРГЕ КОНКУРСТЫК ІРІКТЕУ ЖУРІП ЖАТЫР

Жетісу облысы және Шығыс Қазақстан облысы

10 мамыр күні Жетісу облысы және Шығыс Қазақстан облысыбойынша Жобалық кеңсесі Байқау комиссиясының мүшелерімен онлайн-кездесу өткізді. Оларға егжей-тегжейлі нұсқаулар беріліп, шағын гранттарконкурсының Ережесі бойынша түсіндірмелер берілді.

Жетісу облысы мен Шығыс Қазақстан облысының «ZHAS PROJECT» шағын гранттар Байқаудың ережесі Жобалық кеңсесінің сайтында жәнеFacebook және Instagram парақшаларында жарияланды.

Жобалардың сапасын қамтамасыз ету үшін екі облыстың аудандары мен қалаларында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізіліп, өтініштерді толтыруда күнделікті консультативтік-әдістемелік көмек көрсетіліп, Instagram желісі арқылы тікелей эфир арқылы онлайн-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

ZHAS PROJECT жобасының Жетісу облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінімдер                      2024 жылдың 25 наурызы мен 24 сәуірі аралығында https://zhasproject-zhetysu-vko.kz. сайтында қабылданды.

Техникалық іріктеу комиссиясы келіп түскен 404 өтінімнің, 257 өтінімді Конкурс талаптарына сәйкестігін қарады, оның ішінде: Шығыс Қазақстан облысы – 97, Жетісу облысы – 160.

Жобаларды қарау мен бағалауды конкурстық комиссияның әрбір мүшесі 5 бағалау критерийі бойынша дербес жүзеге асырады:

1. Жобаның әлеуметтік маңызы

2. Жоба нәтижелеріне қол жеткізу

3. Жобаның тұрақтылығы

4. Жобаны орындау жоспарының анықтығы мен ұтымдылығы

5. Бюджеттің орындылығы және негізділігі

Әрбір критерий бес балдық шкала бойынша бағаланады (0-ден 5 балға дейін).

3 шағын комиссия құрылды, олардың әрқайсысында Конкурстық комиссияның 3 мүшесі бар. Әр шағын комиссия 29 әртүрлі өтінімді қарайды. Байқау жеңімпаздары конкурс комиссиясының отырысында анықталады.

Конкурс комиссиясының отырысында жобалардың жиынтық рейтингі қаралады, ол комиссияның барлық мүшелерінің жобаларды бағалау нәтижелері бойынша құрастырылады.

Жобалардың рейтингі жобаның жалпы баллына негізделеді.

Конкурстық комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Конкурс комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды. Хаттама Ұйымдастырушының веб-сайтында орналастырылады.

Конкурс комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және оны өзгертуге болмайды.

Жетісу облысында – 14 жоба, Шығыс Қазақстан облысында – 14 жоба ең жоғары жалпы балл жинаған 28 үміткер конкурс жеңімпаздары аталады.

Байқау жеңімпаздары 22 мамырда сайтта жарияланады.